Тайжанов Азамат Айтбаевич

Тайжанов Азамат Айтбаевич

Энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс, көлік және жолдар мәселелері бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары
Туған күні
11 Қараша, 1985
40 жас
Туған жері
Астана, Қазақстан
Тіл білуі
Қазақша, Орысша
Еңбек жолы

· «Ықылас К» ЖШС менеджері, Астана қаласы (10.2005–12.2006);

· Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің жетекші маманының м.а., міндетті арнайы тексеру нәтижелері шыққанға дейін уақытша, Астана қаласы (11.2007–01.2008);

· Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің эксперті, Астана қаласы (01.2008–05.2008);

· Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаментінің эксперті, Астана қаласы (09.2008–06.2010);

· Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің көпжақты ынтымақтастық және инвестициялық саясат басқармасының басшысы, Астана қаласы (06.2010–02.2011);

· Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Кеңсесінің консультанты, Астана қаласы (02.2011–04.2013);

· Степногорск қаласы әкімінің орынбасары (04.2013–07.2013);

· Егіндікөл ауданының әкімі (07.2013–04.2016);

· Ақмола облысы Аршалы ауданының әкімі (04.2016–11.2018);

· «ТКШ жаңғырту және дамыту бойынша Қазақстан орталығы» АҚ басқарушы директоры, басқарма төрағасының орынбасары – басқарма мүшесі (2019–2021);

· Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің кеңесшісі (2021–2023);

· Ақмола облысы әкімінің орынбасары (05.2023–02.2024);

· Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары (02.2024 жылдан бастап).

Білімі

Қазақ гуманитарлық-заң университеті, бакалавриат, магистратура (2007, 2009)
Халықаралық құқық бакалавры, халықаралық құқық магистрі

Токай университеті (Жапония, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты) (2010)
Экономика магистрі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, докторантура (2015)
Экономика ғылымдары бойынша PhD докторы