Таласбек Қанафин

Таласбек Қанафин

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Туған жері
Қарағанды облысы, Қазақстан
Тіл білуі
Қазақша, Орысша
Еңбек жолы

Еңбек жолын 2008 жылы Астана қаласында «Астықжан-Қарағанды» ЖШС-нің жүйелік әкімшісі болып бастаған

2009 жылдан 2016 жылға дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ құрылымында бас маманнан бастап жетекші инженер, жоба жетекшісіне дейін әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді

2017–2019 жылдары — ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар бөлімінің бастығы, бас директорының орынбасары

2019–2024 жылдары — ҚР Сыртқы істер министрлігінің құрылымында Әкімшілік жұмыс және бақылау департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушыдан бастап Цифрландыру департаменті директорының орынбасарына дейінгі әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді

2020 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Сыртқы істер министрлігінің Цифрландыру департаментінің директоры қызметін атқарды

Білімі

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

Архив казинформ
Посмотреть еще