Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев
Ғарышкер
Өмірбаяны
1987 жылдан АН-2 ұшағының 2-пилоты, командирі болды
Алматы біріккен авиаотрядының 1-ұшу отрядында ТУ-134 ұшағының 2-пилоты болды
1991 ж. Т.Мұсабаевқа «Ғарышкер-сынақшы» квалификациясы берілді
16-негізгі бағдарлама бойынша 1994 ж. 1 маусымнан 4 қарашаға дейін (ұзақтылығы 127 тәулік) «Союз ТМ» ғарыш кемесінде борт-инженер ретінде ғарышта болды, 2 рет ашық ғарыш кеңістігіне (жалпы ұзақтылығы 11 сағат 06 мин) шықты. Ұшу кезінде қазақстандық ғылыми зерттеулердің 2-бағдарламасын орындады
25-негізгі экспедиция бағдарламасы бойынша 1998 ж. 29 қаңтар мен 25 тамыз аралығында (ұзақтылығы 208 тәулік) «Союз ТМ-27» және «Мир» ғарыш кемелерінің кеме командирі ретінде ғарышта болды. Ұшу кезіңде 5 рет ( жалпы ұзақтылығы 30 сағат 08 мин) ашық ғарыш кеңістігіне шықты. Мұнда ғылыми–зерттеулер мен эксперименттердің қазақстандық 3-бағдарламасын орындады
2001 ж. 28 сәуір мен 6 маусым аралығында «Союз –ТМ-32» ғарыш кемесімен Халықаралық ғарыштық стансасына барған бірінші экспедициясының экипаж командирі
Білімі
1968 жыл — Алматы қаласындағы №58 орта мектепті бітірген
1974 жыл — Ленин комсомолы атындағы Рига азаматтық авиация инженерлер институтын «радиоэлектрондық жабдықтар» мамандығы бойынша бітірген
1984 жыл — ДОСААФ Алматы әуеклубы
1989 жыл — СЭВ-ке мүше елдердің авиациясының ұшқыш, диспетчер және инженер-техникалық құрамын даярлау бойынша Ульянов орталығы
1993 жыл — Ақтөбе жоғары ұшқыштар училищесі
Марапаттары
Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы»және Ресей Федерациясының Батыры
«Отан», «Халықтар достығы», 3-дәрежелі «За заслуги перед Отечеством» (Ресей) ордендері
NASA-ның «Ғарышқа ұшқаны үшін» медалі
2000 жылдан Ю.А.Гагарин атындағы Ғарышкерлер дайындау орталығының топ командирі