Талғат Мақсұтұлы  Нәрікбаев

Талғат Мақсұтұлы Нәрікбаев

М.С. Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің ректоры

Туған күні
3 желтоқсан 1978, 47 жаста
Туған жері
Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би кенті (Кировский кенті); ҚазКСР
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша

Өмірбаяны

  • Тергеуші, Астана қаласы Алматы ауданы Ішкі істер басқармасының тергеу бөлімі (1998–1999 жж.)

  • Қазақстан Республикасы ҰҚК қызметкері (1999–2006 жж.)

  • Кеңесші, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Еуропа және Америка департаменті (2006–2007 жж.)

  • «Қазақ гуманитарлық-заң университеті» АҚ президенті (2007–2008 жж.)

  • «Қазақ гуманитарлық-заң университеті» АҚ Басқарма төрағасы (2008–2011 жж.)

  • Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің кеңесшісі (2011 ж.)

  • «Қазақ гуманитарлық-заң университеті» АҚ Басқарма төрағасы (2015 жылғы ақпаннан бастап — «М.С. Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ университеті» АҚ) (2011 жылдан бастап)

  • «Қазақ гуманитарлық-заң университеті» АҚ ректоры (2015 жылғы ақпаннан бастап — «М.С. Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ университеті» АҚ) (2013 жылдан бастап)

 

Өзге де лауазымдары:

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Adal Bilim жобалық офисінің басшысы (22.07.2019 ж. бастап)

  • Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі (09.2021 ж. бастап)

Білімі

  • Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті (1996–2000 жж.), «Заңгер» мамандығы

  • Ресей Федерациясының Сыртқы барлау академиясы (2002–2004 жж.)

Марапаттары

  • «ҰҚК–КНБ–Қазақстан» III дәрежелі арнайы төсбелгісі (2004 ж.);

  • ҰҚК Төрағасының алғысы (2005 ж.);

  • Медальдар: «Астанаға 10 жыл» (2008 ж.), мерейтойлық медальдар — «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне 20 жыл» (2012 ж.), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015 ж.), Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 25 жылдығына арналған медаль