Талғат Мүбәракұлы Адуов
ҚР Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
Өмірбаяны
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитеті инвестициялық жобаларды мониторингілеу бөлімінің үшінші хатшысы (2002)
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің үшінші хатшысы (2002–2003)
Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, екінші хатшысы (2003–2006)
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ұйымдар және көпжақты ынтымақтастық департаментінің бірінші хатшысы, кеңесшісі (2006–2007)
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ұйымдар және көпжақты ынтымақтастық департаменті бөлімінің бастығы (2007)
Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының аға сарапшысы, сарапшысы, консультанты (2007–2009)
Қазақстан Республикасы Президенті Протоколы басшысының орынбасары (2009–2015)
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы (2015–2016)
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (2016–2017)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары (2017–2018)
«Отандастар» қорының бірінші вице-президенті (2018–2021)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының кеңесшісі (2021)
Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясы (ТҮРКПА) Бас хатшысының орынбасары (05.2021–11.09.2026)
Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (11.09.2026 бастап)
Білімі
Мармара мемлекеттік университеті (1998)
Марапаттары
«Ерен еңбегі үшін» медалі (2012)