Тамабек Абулхаир Галымович
- Туған күні
-
05 Шілде, 199431 жас
- Туған жері
-
Жамбыл облысы, Қазақстан
- Тіл білуі
-
Қазақша, Орысша, Ағылшынша
· Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика, қызметтер және энергетика басқармасының сарапшысы (01.2015–06.2017);
· Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті персоналды басқару және құжат айналымы қызметінің сарапшысы, жетекшісі (06.2017–03.2018);
· Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті персоналды басқару және құжат айналымы қызметінің жетекшісі (03.2018–04.2019);
· Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті персоналды басқару және құжат айналымы қызметінің жетекшісі (04.2019–10.2019);
· Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Адам ресурстарын басқару департаменті Кадр жұмысы басқармасының бас сарапшысы (11.2019–01.2020);
· Жамбыл облысы әкімдігінің Жерді пайдалану және қорғау бақылау басқармасының басшысы – бас мемлекеттік инспекторы (01.2020–02.2022);
· Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Жамбыл облысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы – жерді пайдалану және қорғау бойынша бас мемлекеттік инспектор (02.2022–04.2022);
· Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі (25.04.2022–07.02.2024);
· Жамбыл облысы әкімінің орынбасары (09.02.2024 бастап).
Басқа лауазымдары:
· «Ұлттық компания «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (27.07.2022–12.2023);
· «Қазақстандық аграрлық экспертиза» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (31.07.2023 бастап);
· «Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (21.07.2023 бастап).
· Халықаралық Бизнес университеті
«Бағалау» мамандығы
· Луис ұлттық университеті, Жоғары бизнес мектебі (WSB-NLU), Польша (2015)
«Менеджмент» мамандығы
· Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы (2019)
«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы