Дүйсенова

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова

ҚР Президентінің көмекшісі

Туған күні
11 қаңтар 1965, 61 жаста
Туған жері
Қазақстан; Шымкент облысы
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша, ағылшынша, өзбекше, немісше
Әлеуметтік желілер

Өмірбаяны

Шымкент облысы Сарыағаш қаласы Ильич атындағы орта мектебінің мұғалімі (1988 ж)

Өзбек КСР Мемжоспар жанындағы Экономика ғылыми-зерттеу институтының экономисті (1988-1992 жж)

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілігінің аға экономисті (1992-1993 жж)

«Перизат-Холдинг» компаниясының бөлім басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласы (1993-1994 жж)

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілігі басшысының кеңесшісі (1994 ж)

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары (1994-1997 жж)

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің бірінші орынбасары (1997 ж)

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары (1997-1999 жж)

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (1999-2002 жж)

Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (2002-2006 жж)

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (2006-2008 жылдары)

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы (2008-2013 жж)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (2013 ж. ақпан-маусым)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2013-2014 жж)

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі (2014-2017 жж)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2017-2018 жж)

«Нұр Отан» партиясының хатшысы (2018-2019 жж)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті (2019-2020 жж)

ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі (2019-2020 жж)

ҚР Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі (2020-2022 жж)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2022 ж. 11 сәуірден бастап)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2023 жылғы 8 маусым)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары (2023 ж. 2 қыркүйек)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары (06.02.2024-14.02.2025 жж)

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (14.02.2025 жылдан бастап)

Білімі

Ташкент халық шаруашылығы институты (1987)
Мамандығы: «Инженер-экономист»

Марапаттары

Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл медалі (2001)

Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалі (2005)

Құрмет ордені (2010)

3-дәрежелі Барыс ордені (2024)

Фото