Танжариков Берик Куанышевич
Қостанай облысы әкімінің орынбасары
Өмірбаяны
Еңбек жолын 2011 жылғы сәуір айында «Fire Safeti Engineering» ЖШС-де учаске шебері болып бастады. 2015 жылғы шілдеге дейін Астана қаласындағы жеке құрылыс компанияларында, оның ішінде BI Group холдингінде құрылыс учаскесінің шебері, инженер, директордың орынбасары, прораб қызметтерін атқарды.
2015 жылғы шілдеден 2019 жылғы қазанға дейін Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары, кейін басқарма басшысы лауазымдарын атқарды.
2019 жылғы қазаннан 2023 жылғы қыркүйекке дейін Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болды.
2023 жылғы қыркүйектен 2024 жылғы қазанға дейін Қостанай облысы Қостанай ауданының әкімі қызметін атқарды.
2024 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін — Қостанай облысы әкімінің орынбасары.
Білімі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдаған, техника ғылымдарының магистрі.