Темірлан Амангелдіұлы Бектасов

Темірлан Амангелдіұлы Бектасов

Жетісу облысы Құрылыс басқармасының басшысы

Туған күні
30 желтоқсан 1969, 56 жаста
Туған жері
Қазақстан
Тілдерді білуі
kz, ru
Әлеуметтік желілер

Өмірбаяны

Темірлан Амангелдіұлы Бектасов еңбек жолын Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Құрылысшы» кооперативінде техникалық бақылау инженері болып бастаған

Әр жылдары:

Қарасай аудандық өндірістік-жобалау сәулет-жоспарлау бюросында I санатты техник, II санатты инженер

Қаскелең қаласының сәулет және құрылыс бөлімінің меңгерушісі

Қарасай аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің «Сәулет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының орынбасары

Жамбыл және Қарасай аудандарының сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бастығы

Алматы облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бастығы

Кербұлақ ауданындағы Талдықұлақ ауылдық округінің әкімі

Алматы облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары

Алматы облысы құрылыс басқармасының басшысы (2013 жылғы қаңтар – 2017 жылғы желтоқсан)

Алматы облысы Панфилов ауданының әкімі (2017 жылғы желтоқсан – 2019 жылғы қыркүйек);

Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы (12.09.2019 – 10.2021)

Алматы облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы (10.2021 – 08.2022)

2022 жылғы тамыз айынан бастап Жетісу облысы Құрылыс басқармасының басшысы қызметін атқарып келеді

Білімі

Алматы гидромелиоративтік техникумы

Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясы

Мамандықтары:

техник-гидротехник

инженер-құрылысшы

Марапаттары

«Құрмет» ордені (2015)