Тілеген Едігеұлы Едігеев

Тілеген Едігеұлы Едігеев

Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

Туған күні
8 қыркүйек 1990, 35 жаста
Туған жері
Қазақстан, Ақтау қаласы
Тілдерді білуі
kz, ru, en
Әлеуметтік желілер

Өмірбаяны

«Мұнай-газ инжинирингі және ақпараттық технологиялар институты» ЖШС корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі сектор меңгерушісі, Алматы қаласы (03.12.2014–14.08.2015)

Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы, Тау-кен өнеркәсібін мониторингілеу және халықаралық сапа стандарттары бөлімі халықаралық сапа стандарттарын енгізу жұмыстарын үйлестіру жөніндегі бас маман міндетін уақытша атқарушы (03.12.2015–15.02.2016)

Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы, Тау-кен өнеркәсібін мониторингілеу және халықаралық сапа стандарттары бөлімінің халықаралық сапа стандарттарын енгізу жұмыстарын үйлестіру жөніндегі бас маманы (15.02.2016–14.06.2016)

Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы, Инвестициялық-инновациялық саясат және сыртқы экономикалық қызмет бөлімінің инфрақұрылымдық жобалар жөніндегі бас маманы (14.06.2016–27.12.2017)

Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы инвестициялық-инновациялық саясат және сыртқы экономикалық қызмет бөлімінің басшысы (27.12.2017–01.06.2018)

Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы инвестициялық және инновациялық саясат бөлімінің басшысы (01.06.2018–30.04.2019)

Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы инвестициялық-инновациялық саясат және сыртқы экономикалық қызмет жөніндегі басқарма басшысының орынбасары (02.05.2019–23.09.2019)

Маңғыстау облысының инвестициялар және туризмді дамыту басқармасы инвестициялық-инновациялық саясат және туризмді дамыту жөніндегі басқарма басшысының орынбасары (24.09.2019–30.09.2020)

«Ақтау қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (01.10.2020–17.11.2020)

«Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (18.11.2020–25.07.2022)

«ҰК KAZAKH INVEST» АҚ Маңғыстау облысы бойынша өңірлік директоры (19.09.2023–10.07.2024)

Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде Ақтау қаласы әкімінің орынбасары міндетін уақытша атқарушы (15.07.2024–19.11.2024)

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары, «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (19.11.2024–09.06.2025)

Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы (06.2025)

Білімі

Қазақстан-Британ техникалық университеті
«Қаржы» мамандығы

Қазақ гуманитарлық-заң университеті (ҚАЗГЗУ)

Ұлыбритания университеті, «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасы бойынша магистратура
«Стратегиялық инновациялық менеджмент» мамандығы