Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев

Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев

ҚР Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

Туған күні
26 қараша 1970, 55 жаста
Туған жері
Қазақстан, Қарағанды облысы Теміртау қаласы
Тілдерді білуі
kz, ru

Өмірбаяны

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүйесінің қызметкері (1993–2007)

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің үшінші, екінші хатшысы (1994–1997)

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Сыртқы саяси іс-шараларды ақпараттық талдау және жоспарлау басқармасының бірінші хатшысы (1997–1998)

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі (1998–2002)

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Еуропа және Америка департаментінің жалпы саяси мәселелер бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі хатшылығының талдау бөлімінің бастығы (2002–2003)

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық-құқықтық департаментінің халықаралық шарттар басқармасының бастығы (2003)

Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі (2003–2007)

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының бас инспекторы (2007–2008)

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы секторының меңгерушісі (2008–2009)

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары (2009–2012)

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі (2012–2017)

Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2017 жылғы мамыр – 30.03.2022)

Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, сондай-ақ қоса атқарушы ретінде Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (04.05.2018–30.03.2022)

Қазақстан Республикасының Словакия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (30.03.2022–15.11.2024)

Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (17.04.2025 жылдан бастап)

Білімі

Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетін бітірген (1992)