Турегалиев Нариман

Турегалиев Нариман

Батыс Қазақстан облысының әкімі
Туған күні
19 Шілде, 1964
61 жас
Туған жері
Орал облысы, Тайпақ ауданы, Есенсай ауылы, Қазақстан
Тіл білуі
Қазақша, Орысша
Еңбек жолы

Экономист, «ХVІІІ Партсъезд» атындағы ауыл шаруашылығы бірлестігінің бас экономисі (1990–1995);
«Айтиево» өндірістік кешенінің бас бухгалтері, бас экономисі, жабдықтаушысы (1997–1999);
«Ақжол» шаруа қожалығының басшысы (1999–2001);
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы (2001–2002);
Орал қаласындағы жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінің директоры (2002–2003);
Батыс Қазақстан облысының халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары (2003–2005);
Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті директорының орынбасары (2005–2008);
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры (2008–2010);
Батыс Қазақстан облысының халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы (2010–2012);
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі (2012–2015);
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (2015–2016);
Орал қаласының әкімі (2016–2017).

Сайланбалы қызметтері, депутаттық қызметі:
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (2017 жылғы маусымнан бастап);
Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің хатшысы (09.2020–06.2022);
Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы (06.2022–12.2022).

Білімі

Білімі – жоғары.
1990 жылы Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтын «Инженер-экономист» мамандығы бойынша,
2004 жылы Каспий қоғамдық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Марапаттары

«Құрмет» ордені (2016)