Ұлан Әбділқайылұлы Бекіш

Ұлан Әбділқайылұлы Бекіш

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасары

Туған күні
5 қазан 1986, 39 жаста
Туған жері
Қазақстан; Алматы облысы, Талдықорған қаласы
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша, ағылшынша

Өмірбаяны

2008–2009 жж. – Ақпараттық технологиялар кафедрасының лаборанты, ақпараттық технологиялар бөлімінің маманы

2009–2012 жж. – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК-де Бірыңғай ақпараттық жүйені енгізу және пайдалану бөлімінің маманы, жетекші маманы (Астана қ.)

2012–2013 жж. – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК-де Бірыңғай ақпараттық жүйені енгізу және пайдалану бөлімінің басшысы (Астана қ.)

2013–2016 жж. – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК-де кешенді тестілеу бөлімінің басшысы, жобаларды басқару бөлімінің басшысы, денсаулық сақтауды ақпараттандыру департаменті директорының орынбасары (Астана қ.)

2016–2020 жж. – «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ цифрлық трансформация департаментінің директоры (Нұр-Сұлтан қ.)

2020–2021 жж. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Жүйелік талдау және басқару» кафедрасының оқытушысы (Нұр-Сұлтан қ.)

2021–2022 жж. – «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КеАҚ Басқарма мүшесі – Басқарма төрағасының орынбасары (проректор) (Өскемен қ.)

2022–2026 жж. – «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ Бас директоры

2026 жылғы 3 наурыздан бастап – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасары

Білімі

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, «Информатика» мамандығы

Фото