Ұлан Ғалымұлы Рысқұл
Жетісу облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы
Өмірбаяны
Ұлан Ғалымұлы Рысқұл еңбек жолын Қазақстан Республикасының дзюдодан ұлттық құрамасының нұсқаушы-спортшысы ретінде бастаған
Әр жылдары:
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» РМКҚК-да дзюдодан (ерлер) Қазақстан ұлттық құрамасының нұсқаушы-спортшысы (04.01.2006 – 03.01.2007)
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» РМКҚК-да дзюдодан (ерлер) Қазақстан ұлттық құрамасының нұсқаушы-спортшысы (03.01.2008 – 05.11.2012)
«Bagueri Asia» ЖШС менеджері (17.05.2010 – 30.09.2017)
«Qazaq Kuresi халықаралық федерациясы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінде бас хатшының кеңесшісі, кейін бас хатшысы (03.07.2017 – 05.04.2021)
Алматы облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының Іле аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры (05.04.2021 – 15.03.2023)
Жетісу облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы (15.03.2023 – 13.06.2023)
Жетісу облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы (14.06.2023 – 05.09.2024)
Жетісу облысы әкімінің кеңесшісі (04.10.2024 – 03.2025)
2025 жылғы наурыз айынан бастап Жетісу облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарып келеді
Білімі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – «Құқықтану» мамандығы
Д. А. Қонаев атындағы Көлік және құқық гуманитарлық университеті – «Қаржы» мамандығы
Өңірлік әлеуметтік-инновациялық университет – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы
Марапаттары
Дзюдодан Қазақстанның үш дүркін чемпионы
Азияның екі дүркін чемпионы
Дзюдодан Әлем кубогының күміс жүлдегері
Алғашқы «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпазы
Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері