Утемуратов Нургелды Сулейменович
Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары
Өмірбаяны
Еңбек жолын 2014 жылы «Жарикесов И.К.» ЖШС-нің жабдықтау бөлімі экономисі болып бастады.
2015–2017 жылдары – Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің инспекторы, бас маманы, Қаратөбе ауданы әкімінің көмекшісі.
2017–2020 жылдары – Зеленов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы, мемлекеттік қызметті бақылау және мониторинг бөлімі бас инспекторы, құжаттамалық қамтамасыз ету және қаржы-шаруашылық бөлімі азаматтық қорғау мәселелері жөніндегі бас инспекторы, Переметный ауылдық округі әкімінің орынбасары, Бәйтерек ауданы Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, Бәйтерек ауданы Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.
2020–2025 жылдары – Ақтөбе қаласы әкімінің кеңесшісі, Ақтөбе қаласының Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.
2025 жылғы сәуірден бастап – Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.
Білімі
2010 жылы Алматы экономика және статистика академиясын, 2013 жылы Қазақ-Орыс халықаралық университетін, 2020 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін тәмамдады. Біліктілігі – қаржыгер, құқықтану және білім беру салалары бойынша бакалавр.