Зейнолла Самашұлы Самашев

Зейнолла Самашұлы Самашев

Археолог, тарихшы

Туған күні
17 қараша 1947, 78 жаста
Туған жері
Шығыс Қазақстан облысы, Бестерек ауылы
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша

Өмірбаяны

1970 — Өскемен педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген

1970 — тарих пәнінің мұғалімі

1980 — Қазақ КСР Ғылым академиясының Тарих, археология және этнография институтында лаборант

1985 — тарих ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы: «Жоғарғы Ертіс өңірінің жартас суреттері»

1988 — Қазақ КСР ҒА Тарих, археология және этнография институтының алғашқы қауымдық археология бөлімінің меңгерушісі

1991 — ҚР БҒМ Археология институтының ежелгі өнерді зерттеу бөлімінің меңгерушісі

2001 — Берел қорғандарын зерттеуге қосқан үлесі үшін ғылым саласындағы «Тарлан» платиналық сыйлығының лауреаты

2010 — тарих ғылымдарының докторы, диссертация тақырыбы: «Қазақстанның жартас суреттері тарихи дерек көзі ретінде»

2010 — Астанадағы Археология институты филиалының директоры

2012 — ғылыми-ұйымдастырушылық қызмет жөніндегі кеңесші

Білімі

Өскемен педагогикалық институтының (қазіргі С. Аманжолов атын. ШҚМУ) тарих факультетін аяқтаған

Марапаттары

2001 — Берел қорғандарын зерттеуге қосқан үлесі үшін ғылым саласындағы «Тарлан» платиналық сыйлығының лауреаты

2003 — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері

2017 — «Парасат» ордені

2025 — Қазақстан Республикасының гуманитарлық ғылымдар саласындағы А. Байтұрсынұлы атындағы Мемлекеттік сыйлығы

Фото