Жәнібек Жарасқан-ұлы Абдырашов

Жәнібек Жарасқан-ұлы Абдырашов

Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші – ҚР Сыртқы істер министрлігі Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы

Туған күні
6 қыркүйек 1977, 48 жаста
Туған жері
Алматы қаласы; Қазақстан
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша, ағылшынша

Өмірбаяны

  • Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық корпусты қамтамасыз ету департаментінің заң кеңесшісі, сектор меңгерушісі (1998–2004)

  • Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Алматы қаласындағы өкілдігінің Мемлекеттік протокол қызметі бөлімінің басшысы (2004–2006)

  • Нью-Йорк қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігінің екінші, бірінші хатшысы (2006–2010)

  • Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметі басшысының орынбасары (2010–2014)

  • Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің басшысы (2014–11.2017)

  • Нью-Йорк қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулы (11.2017–09.2019)

  • Қоса атқару тәртібімен Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (09.2020–26.03.2024)

  • Қазақстан Республикасының Венгриядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (30.09.2019–16.07.2024)

  • Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы (07.2024 жылдан бастап)

Білімі

  • Қазақ мемлекеттік заң университеті, үздік дипломмен (1998)
    Мамандығы: заңгер