Жәния Жақияқызы Әубәкірова
Пианист
Өмірбаяны
1979 — Қазақ академиялық опера және балет театрында концертмейстер
1981–1993 — Алматы консерваториясында (қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы) аға оқытушы, доцент, арнайы фортепиано кафедрасының меңгерушісі
1993 жылдан — профессор
1997–2018 — Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры. Оның басшылығымен оқу орны ұлттық мәртебе алды (2001)
Концерттік қызметі
Жәния Әубәкірова жеке концерттерін және камералық, симфониялық оркестрлермен бірге Қазақстанда, ТМД елдерінде, сондай-ақ Франция, Германия, Ұлыбритания, Финляндия, Италия, Чехия, Болгария, Корея, Жапония елдерінде орындады
1983 жыл — Парижде өткен Маргарита Лонг және Жак Тибо атындағы халықаралық байқаудың Гран-при иегері атанды
1985 жыл — Париждегі халықаралық камералық ансамбльдер байқауында Г. Мурзабековамен бірге жүлдегер болды
2009 жыл — Құрманғазы атындағы консерваторияның студенттік симфониялық оркестрімен бірге АҚШ-қа гастрольдік сапар жасап, Лос-Анджелес, Сан-Франциско, Вашингтон, Бостон, Нью-Йорк қалаларында өнер көрсетті. Сонымен қатар Карнеги-холл мен Кеннеди орталығында концерт берді
Ұйымдастырушылық қызметі
1994 жыл — «Жәния Әубәкірова авторлық мектебі» ашылды
1998 жыл — «Классика» музыкалық агенттігін құрды. Агенттік аясында «Франциядағы қазақ маусымдары» жобасы жүзеге асырылып, 18 мемлекетте концерттер ұйымдастырылды
2002 жыл — қазіргі заманғы білім беру әдістемесіне негізделген «Жәния Әубәкірова колледжі» ашылды
2004 жыл — «Arts Management» магистрлік бағдарламасын, пианистер байқауын және заманауи музыка фестивалін іске қосты
Білімі
1979 жылы П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын (профессор Л.Н. Власенконың сыныбы) тәмамдап, 1981 жылы аспирантурасын аяқтады
Марапаттары
1991 жыл — Қазақстан Республикасының халық әртісі атағы берілді
1998 жыл — Францияның Өнер және әдебиет орденімен марапатталды
2002 жыл — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды
2003 жыл — Густав Малер атындағы Еуропа одағы өнер сыйлығының лауреаты болды
2008 жыл — Қазақстан мен Ресей арасындағы достықты нығайтуға қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі «Ұлы Екатерина» қоғамдық мойындау орденімен наградталды
2008 жыл — «Парасат» орденімен марапатталды
2009 жыл — «Поляк мәдениетіне қосқан еңбегі үшін» төсбелгісін алды
2011 жыл — Польшаның «Алтын Крест» наградасымен марапатталды
2012 жыл — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы Бейбітшілік және прогресс мемлекеттік сыйлығының иегері атанды
2016 жыл — «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды
2018 жыл — Шет ауданының құрметті азаматы атанды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің алғыс хаты және төсбелгісімен марапатталған