Жайық Серікқалиұлы Шарабасов

Жайық Серікқалиұлы Шарабасов

ҚР Оқу-ағарту вице-министрі
Туған жері
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласы, Қазақстан
Тіл білуі
Қазақша, Орысша
Еңбек жолы

2003 жылы жеке құрылымда

2004–2006 жылдары — Батыс Қазақстан облысы Ішкі саясат департаментінің әртүрлі бөлімдерінде бас маманның міндетін атқарушы, бас маманы

2006 жылдан 2010 жылға дейін — ҚР Әділет министрлігі Дін істері комитетінің Талдау және ақпараттық-насихаттау жұмысы бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы, бас маманы

2010–2012 жылдары Дін істері комитеті, Діни бірлестіктермен жұмыс басқармасының 1-санаттағы сарапшысы

2012 жылы — ҚР Дін істері агенттігінің Діни бірлестіктермен байланыс басқармасының бас сарапшысы

2012–2013 жылдары — ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінде, кейінірек ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде бас сарапшысы

2013–2014 жылдары — ҚР Өңірлік даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік, мобилизациялық жұмыс және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы

2014–2016 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігі Өңіраралық ынтымақтастық, талдау және өңірлерді бағалау департаменті директорының орынбасары

2016–2017 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігі Өңірлік саясат, талдау және өңірлерді бағалау департаменті директорының орынбасары, кейін директоры

2017–2019 жылдары — Павлодар облысы әкімінің орынбасары

2019 жылы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі 

2019–2023 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары

2023 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары 

Білімі

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын және Уорик университеті (Ұлыбритания)