Жанаргүл Балғабекқызы Әлжанова
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары
Өмірбаяны
Еңбек жолын 1993 жылы Павлодар облысы, №2 Ертіс орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастады
1995 жылдың маусымынан бастап мемлекеттік қызметте. Павлодар қаласы Ильчев ауданы әкімінің аппаратында, Павлодар облысы әкімінің аппаратында, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған
2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің Талдау және стратегиялық жоспарлау басқармасының бас сарапшысы
2019 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл басқармасының басшысы қызметін атқарды
2024 жылдың сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары
Білімі
Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Еуразия инновациялық университеті
Марапаттары
«Құрмет» грамоталарымен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл», «Астанаға 20 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған