Жанболат Нұрмолдаұлы

Жанболат Нұрмолдаұлы

Жамбыл облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы

Туған жері
Қазақстан, Жамбыл облысы
Тілдерді білуі
kz, ru

Өмірбаяны

Жанболат Нұрмолдаұлы еңбек жолын жастар саясаты және ақпараттық-талдау саласында бастап, кейін мемлекеттік қызметте түрлі жауапты лауазымдарды атқарған

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Тараз жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кеңесші, ақпараттық талдау бөлімінің басшысы (2013–2015)

Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің басшысы (2015–2016)

«Өңірлік коммуникациялар қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ақпарат және талдау бөлімінің консультанты (2016)

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының идеология және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы (2016–2020)

Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының облыс әкімінің бас инспекторы (2020)

Жамбыл облысы әкімі аппаратының құжаттама, бақылау және талдау бөлімінің бас инспекторы (2020)

Жамбыл облысы әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы (2020–2021)

Жамбыл облысы әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы (09.2021–07.2024)

Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары (07.2024–04.2025)

Жамбыл облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы (2025 жылғы сәуірден бастап)

Білімі

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Құқықтану» және «Жергілікті басқару» мамандықтары бойынша тәмамдаған