Жандос Қонысұлы Бүркітбаев

Жандос Қонысұлы Бүркітбаев

«Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС Басқарма төрағасы

Туған күні
27 ақпан 1972, 54 жаста
Туған жері
Қазақстан, Жамбыл облысы Талас ауданы
Тілдерді білуі
kz, ru
Әлеуметтік желілер

Өмірбаяны

1996–1998 жылдары – Алматы қаласындағы Жедел медициналық жәрдем көрсету қалалық клиникалық ауруханасының дәрігері

1998–1999 жылдары – Алматы қаласындағы Республикалық апаттар медицинасы орталығының дәрігері

1999–2000 жылдары – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Денсаулық сақтау істері жөніндегі Білім және ғылым басқармасының бас маманы

2000–2001 жылдары – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері агенттігінің Дәрілік саясат, медицина және фармацевтика өнеркәсібін дамыту, ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімінің бас маманы

2001–2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармацевтика және медицина өнеркәсібі, ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы

2002–2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамыту және дәрілік саясат басқармасының бастығы

2005–2007 жылдары – «Ақтөбрентген» АҚ атқарушы директоры

2007–2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі орынбасары

2008–2011 жылдары – Астана қаласындағы «Қан орталығы» ШЖҚ МКК директоры

2011–2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК директоры

2019–2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС Басқарма төрағасы, Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми онкология орталығын құру және салу жөніндегі жобалық топтың жетекшісі

2021–2024 жылдары – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі

2024 жылғы қыркүйектен бастап – Астана қаласындағы «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС Басқарма төрағасы

Білімі

1996 жылы – С. Асфендияров атындағы Алматы ұлттық медицина университетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған

2003 жылы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген

2007 жылы – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын «Фармация» мамандығы бойынша тәмамдаған

2018 жылы – Қазақстан медицина университеті – Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінде (ҚМУ ВШОЗ) білім алған

2020 жылы – «Тұран-Астана» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген

Медицина ғылымдарының кандидаты. Диссертация тақырыбы: «Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы қан қызметін жетілдіру»

Медицина ғылымдарының докторы. Диссертация тақырыбы: «Қазақстан Республикасының қан қызметінің клиникалық және өндірістік жұмысын жетілдірудің ғылыми негіздемесі» (Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласы)

Марапаттары

«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі (2003)

«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі (2012)

Қайырымдылық пен мейірімділік саласындағы белсенді әрі жемісті қызметі үшін «Шапағат» медалі (2014)

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі (2016)

«Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медалі (2018)

«Парасат» ордені (2021)