Жансая Даниярқызы Әбдімәлік

Жансая Даниярқызы Әбдімәлік

Шахматшы, Алматы қалалық мәслихатының экс-депутаты
Туған күні
12 Қаңтар, 2000
25 жас
Туған жері
Қазақстан, Алматы қаласы
Отбасы жағдайы
тұрмыста Нұраxмет Қанатұлы Нұриев
Туыстық байланыс
Тіл білуі
Қазақша, Орысша, Ағылшынша
Еңбек жолы

Алғашқы жаттықтырушысы — әкесі Данияр Аширов

6 жасында — Алматы қаласының 8 жасқа дейінгі қыздар арасындағы чемпионаты (2006)

Қазақстан чемпионаты, 8 жасқа дейінгі қыздар арасында — 9 мүмкін ұпайдың 8,5-ін жинады (2007)

Украинада өткен халықаралық турнирде алтын медаль және Түркияда өткен жасөспірімдер мен қыздар арасындағы әлем чемпионатында 4-орын (2007)

Алматы чемпионаты және Қазақстанның 10 жасқа дейінгі қыздар арасындағы классика, рапид және блиц бойынша абсолютті чемпионаты (2008)

Азия чемпионаты (Иран) — Қазақстан шахмат тарихындағы ең жас Азия чемпионы атағы (2008)

8 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар арасындағы әлем чемпионаты (Вьетнам) — 11 партияда 10 ұпай (2008)

Түркияда өткен мектеп оқушылары арасындағы чемпионат — 9 партияда 9 жеңіс (2010)

Польшада өткен мектеп оқушылары арасындағы әлем чемпионаты (2011)

ФИДЕ — әйелдер арасындағы халықаралық шебер (WIM) атағы (2011)

12 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионаты (Бразилия) — жеңіс (2011)

12 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионаты (Марибор, Словения) — күміс жүлде (2012)

20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионаты (Түркия) — күміс жүлде (2013)

Ерлер арасындағы халықаралық «Brno Open 2013» турниріндегі жеңіс (Чехия) (2013)

Жансая Әбдумәлік шахмат академиясының ашылуы және Анатолий Карповпен блиц-партия (2014)

ФИДЕ рейтингінде — әлем бойынша 89-орын, Қазақстанда 1-нөмір (2014)

ФИДЕ — әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер (WGM) атағы (2014)

Азия чемпионаты (блиц, БАӘ) — 3-орын (2014)

Азия ФИДЕ федерациясының шешімімен — 20 жасқа дейінгі Азияның үздік шахматшысы деп танылды (2014)

20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионаты (Ханты-Мансийск) — 3-орын (2015)

Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы (2016)

ФИДЕ президенттік кеңесінің шешімімен — халықаралық шебер (IM) атағы (2017)

World Open 2017 турнирінде (АҚШ) — халықаралық гроссмейстер нормасы (2017)

20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионаты (Италия) — 11 партияда 9½ ұпай (2017)

Karpos Open-2018 турнирі (Македония) — халықаралық гроссмейстер нормасы (2018)

Budapest Spring Festival 2018 турнирі (Венгрия) — халықаралық гроссмейстер нормасы (2018)

Азия елдері кубогы (Хамадан, Иран) — қола жүлде (2018)

ФИДЕ Гран-при (Гибралтар) — 11 партияда 8½ ұпай, жеңіліссіз (2021)

Халықаралық гроссмейстер (GM) атағы (2021)

FIDE ұйымдастырған «Әйелдер арасындағы Үлкен швейцар турнирі» (Рига) — 25-орын (2021)

Әйелдер Бундеслигасы — OSG Baden-Baden командасымен мерзімінен бұрынғы жеңіс (2022)

Марапаттары

«Құрмет» ордені (2 желтоқсан 2021 жыл)

«Дене шынықтыру, спорт және туризмді дамытуға қосқан еңбегі үшін» құрмет белгісі (ТМД Парламентаралық Ассамблеясы, 19 мамыр 2016 жыл)

Фото