Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев

Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры
Туған күні
08 Шілде, 1958
67 жас
Туған жері
Алғабас ауданының, Қайнар ауылында , ҚКСР Оңтүстік Қазақстан облысы
Отбасы жағдайы
үйленген Жанат Рахметжанқызы
Туыстық байланыс
Эльдана (қызы)
Тіл білуі
Қазақша, Орысша, Ағылшынша
Өміріне қатысты қызықты деректер

ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ, ДӘРЕЖЕСІ, ҚЫЗМЕТІ:
Филология ғылымының кандидаты, ҚазССР Ғылым академиясының Тіл білімі институты (1987)
Филология ғылымының докторы (2008)
Тіл білімі мамандығы бойынша профессор
Түркия Республикасы Ниде университетінің құрметті докторы (2014)

Еңбек жолы


С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде ассистент, аға оқытушы, доцент (1980-1993)
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Орта және Таяу Шығыс, Африка елдерін басқару бөлімінің меңгерушісі, бірінші хатшысы (1993-1994)
Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы елшілігінің екінші, бірінші хатшысы (1994-1997)
Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің бас сарапшысы (1997-1999)
Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Бас консулы (Ыстамбұл қ-сы) (1999)
Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бастығы (1999-2004)
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бастығы (31.03.2004-01.02.2006)
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі (01.02.2006-10.01.2007)
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі (10.01.2007-09.2010)
Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі (10.2010-10.2016)
Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы (03.2011-10.2016)
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі (07.10.2016-20.06.2018)
Түркістан облысының әкімі (20.06.2018-26.02.2019)
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі (28.02.2019-02.2021)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры (10.02.2021)


БАСҚА ҚЫЗМЕТТЕРІ:
ТМД елдерінің гуманитарлық ынтымақтастықтың мемлекетаралық қоры басқармасының төрағасы (2007-2010)
«ҰҒТХ Парасат» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы (2008-2010)
Халықаралық қазақ-түрік университетінің қамқоршылар кеңесі төрағасының орынбасары (2007-2010)

Білімі

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, филология факультеті, Алматы қ-сы (1980)
Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университеті, құқық факультеті, Мәскеу қ-сы (2000)

Марапаттары

«Құрмет» ордені (2003)
«Парасат» ордені (2011)
«Астанаға – 10 жыл» медалі (2008)
«Қазақстан тәуелсіздігіне – 20 жыл» медалі (2011)
«Қазақстан мен Түркия арасындағы достықтың нығаюына үлес қосқаны үшін» Түркия кәсіпкерлері мен іскерлер қауымдастығының медалі (2011)
«Халықаралық қатынастардағы ерекше жетістіктері үшін» Түркия туризмін дамыту халықаралық тұғырнамасының (TÜTAP) сыйлығы (2011)
«Қазақстан Конституциясына - 20 жыл» мерейтойлық медалі (2015)
«Қазақстан Конституциясына - 25 жыл» мерейтойлық медалі (2020)
II дәрежелі «Барыс» ордені (2022)

Фото
Архив казинформ
Посмотреть еще