Жасын Ерсінұлы Біркенов

Жасын Ерсінұлы Біркенов

Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы орынбасары
Туған күні
30 Сәуір, 1989
36 жас
Туған жері
Қазақстан
Еңбек жолы

«Қазақстан» РТРК» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының редакторы, редактор-үйлестірушісі (2008–2010).

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің муниципалды телерадиокомпаниясы» КММ тілшісі (03.2010–09.2010).

«Қазақстан» РТРК» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының телебағдарламалар шығару бойынша шығармашылық қызметінің редакторы (2010–2011).

«Қазақстан» РТРК» АҚ тілшісі (2011–2012).

«Телекомпания ЭРА» ЖШС ақпараттық бағдарламалар департаментінің тілшісі (01.2013–10.2013).

«ERA Television Company» ЖШС ақпараттық бағдарламалар бөлімінің тілшісі (2014–2015).

«Хабар» Агенттігі» АҚ «Хабар 24» арнасының тілшісі, меншікті тілшісі (Өзбекстан мен Украинада), бас редакторы (2015–2021).

«Атырау Ақпарат» ЖШС бас директоры (2022–2023).

«Хабар» Агенттігі» АҚ «24 KZ» арнасының директоры (2023-2025).

Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысының жаңа орынбасары (13.08.2025 бастап)

Білімі

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

«Журналистика» мамандығы