
Жеңіс Фарахатұлы Елемесов
- Туған күні
-
09 Мамыр, 197847 жас
- Туған жері
-
Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облысы
- Тіл білуі
-
Қазақша, Орысша
Алматы облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінде инспектор және басшылық лауазымдарда қызмет атқарды (2000–2008).
Астана қаласы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді (2008–2010).
Мемлекеттік емес коммерциялық және қаржы құрылымдарында жұмыс істеді (2010–2012).
Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысының орынбасары болып, сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелеріне жетекшілік етті (2012–2014).
Мемлекеттік емес коммерциялық және қаржы құрылымдарында жұмыс атқарды (2014–2019).
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды (2019).
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы болды (2019 жылғы 11 қараша – 2021 жылғы 3 ақпан).
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының орынбасары болып қызмет атқаруда (2021 жылғы 3 ақпаннан бастап).
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті (2002)
Мамандығы "Экономист"
"МИРБИС" Мәскеу Халықаралық Жоғары бизнес мектебі (MBA, 2013)
Мамандығы "Стратегиялық басқару және бизнес саясаты"
РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясы (2014)
Мамандығы "Мемлекеттік және муниципалдық басқару"