Жолдасов Зулфухар Сансызбаевич

Жолдасов Зулфухар Сансызбаевич

Әкімнің бірінші орынбасары
Туған күні
17 Маусым, 1976
49 жас
Туған жері
Қазақстан
Тіл білуі
Қазақша, Орысша
Еңбек жолы

«Кунарлы» өндірістік кооперативінің заңгері, Алматы облысы (01.1999–06.1999);

Әскери прокуратура органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген (06.2000–04.2007);

Алматы облысының табиғат қорғау прокуратурасының қызметкері (04.2007–04.2008);

Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің экологиялық инспекторы – бас сарапшысы (04.2008–01.2011);

Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы (01.2011–07.2012);

Қарағанды облысы бойынша Экология департаментінің басшысы, ҚР ҚОҚМ ЭРБК (07.2012–12.2015);

ҚР Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары (12.2015–07.2019);

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы (07.2019–03.2023);

Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Өңірлер және нақты секторды дамыту бөлімі өңірлік инспекторы (03.2023–08.2023);

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары (08.2023 ж. бастап).

Білімі

Қазақ мемлекеттік заң университеті, Алматы қаласы
Мамандығы: «Заңгер»

Қарағанды мемлекеттік технологиялық университеті
Мамандығы: «Эколог, тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»

Мемлекеттік басқару және қоршаған ортаны қорғау салалары бойынша түрлі оқу бағдарламалары мен курстардан өткен.