Жұмабай Ғаббасұлы Қарағаев

Жұмабай Ғаббасұлы Қарағаев

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» жанындағы Мұнай-газ саласы комитетінің төрағасы

Туған күні
4 маусым 1971, 55 жаста
Туған жері
Қазақстан, Атырау облысы Махамбет ауданы Махамбет кенті
Тілдерді білуі
kz, ru

Өмірбаяны

Әртүрлі коммерциялық құрылымдарда қызмет атқарған (1999–2010);

Атырау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы (2010–2012);

Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы (сәуір–қыркүйек 2012);

Атырау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы (қыркүйек 2012 – наурыз 2013);

Атырау қаласы әкімінің орынбасары (наурыз 2013 – желтоқсан 2014);

Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы (желтоқсан 2014 – маусым 2016);

Атырау қаласы әкімінің орынбасары (маусым 2016 – қаңтар 2017);

Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы (қаңтар 2017 – мамыр 2018);

Атырау облысы Мақат ауданының әкімі (мамыр 2018 – қыркүйек 2019);

Атырау облысы әкімінің орынбасары (қыркүйек – желтоқсан 2019)

Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі (2019 жылғы 25 желтоқсан – 2022 жылғы қаңтар)

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары (қаңтар 2023 – маусым 2024)

2025 жылғы мамырдан бастап – Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» жанындағы Мұнай-газ саласы комитетінің төрағасы

Білімі

И.М. Губкин атындағы Мемлекеттік мұнай және газ академиясы (1995, аспирантура – 1998)

Мамандығы: тау-кен инженері

Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы (2017)

Марапаттары

«Құрмет» ордені (2021 жылғы 16 желтоқсан)

«Ерен еңбегі үшін» медалі

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл»

«Қазақстан Конституциясына 25 жыл»