Жумангарин Серик Макашевич

Жумангарин Серик Макашевич

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі
Туған күні
22 Шілде, 1969
56 жас
Туған жері
Ақтөбе, Қазақстан
Тіл білуі
Орысша, Қазақша
Еңбек жолы

· «Тынай» бірлескен жеке кәсіпорнының коммерциялық директоры (1993–1994);

· «Медкорп» БЖК директоры, бас бухгалтері, «АСБ» БЖК директоры, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» АҚ өкілдігінің директоры, «Global» компаниясының ЖШС коммерциялық директоры, «Батыс Ойл Газ» корпорациясы ЖШС бас директоры (1994–2004);

· Ақтөбе қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің орынбасары (2005–2006);

· Ақтөбе қаласы кәсіпкерлік бөлімінің бастығы (04.2006–12.2006);

· Ақтөбе облысы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басқарма бастығының орынбасары (2006–2007);

· Ақтөбе облысы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басқарма бастығы (2007–2008);

· Ақтөбе облысы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің департамент директоры (03.2008–06.2008);

· Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары, Сауданы дамыту департаментінің директоры (06.2008–04.2010);

· «Қазақстандық контракт агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (04.2010–07.2010);

· «NadLoc» жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары (07.2010–11.2011);

· Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігі Аймақтық саясат және бюджетааралық қатынастар департаментінің директоры (03.2012–07.2012);

· Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігі Аймақтық даму комитетінің төрағасы (25.07.2012–01.2013);

· Қазақстан Республикасының Аймақтық даму вице-министрі (02.2013–15.08.2014);

· Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы (08.2014–01.2017);

· Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі (01.2017–04.2019);

· Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі (21.05.2019 бастап), ЕЭК-тің Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі (20.12.2019–14.09.2020);

· Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы (14.09.2020–15.08.2022);

· Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі – Премьер-Министрдің міндетін атқарушы орынбасары (15.08.2022–02.09.2022), Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі (02.09.2022, қайта тағайындалды 03.04.2023–02.09.2023);

· Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары (02.09.2023, қайта тағайындалды 06.02.2024–21.12.2024);

· Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі (21.12.2024 бастап).

Басқа лауазымдары:

· Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіндегі өкілі (18.08.2022);
· «Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы «Хоргос» арнайы экономикалық аймағы» басқарушы компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі (08.09.2022);
· «Сауда саясатын дамыту орталығы «QazTrade» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі (08.09.2022);
· «Ұлттық компания «QazExpoCongress» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі (21.09.2022);
· Қазақстан Республикасынан Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясы басқарушылар кеңесінің мүшесі (28.12.2023 бастап);
· Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі (01.10.2024 бастап);
· «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі (01.2025 бастап);
· «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі (18.02.2025 бастап).

Білімі

Ленин орденді және Қазан төңкерісі орденді Мәскеу энергетика институты (1993)
Мамандығы – «Жылуфизика»

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (1997)
Мамандығы – «Экономика»

 Халықаралық бизнес академиясы (2013)
Іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA)

Марапаттары

 Ордендер: «Достық» (2024)

«Құрмет» (2014)

«Парасат» (2021).

·Медальдар:

«Астананың 10 жылдығы»

«Еуразиялық экономикалық одақты дамытуға қосқан үлесі үшін» (29.05.2019)

 «Еуразиялық экономикалық одаққа 10 жыл» (26.12.2024).