Жұпар Бақтыбекқызы Ғабдуллина

Жұпар Бақтыбекқызы Ғабдуллина

Опера әншісі

Туған күні
15 қаңтар 1978, 48 жаста
Туған жері
Қазақстан; Семей облысы Аягөз ауданы Тарбағатай ауылы
Тілдерді білуі
kz, ru

Өмірбаяны

2007–2013 жылдары — Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры-ның солисі

2013 жылдан бастап — Астана Опера театрының жетекші опера солисі

Шығармашылығы

2014 жылы Италиядағы Ла Скала театры академиясында тағылымдамадан өткен.

2014 жылы:

Санкт-Петербургте «Мариинск-2» сахнасында Дж. Вердидің «Аттила» операсындағы Одабелла партиясын орындаған

Францияда Бастилия операсында концерттік орындауда өнер көрсеткен

Бухарестте «Аида» операсында басты партияны орындаған

Түркия (Стамбул, Анкара) сахналарында өнер көрсеткен

Сонымен қатар Нью-Йорк (Carnegie Hall), Торонто (Sony Centre), Антверпен, Роттердам және Ханой сияқты әлемдік сахналарда өнер көрсеткен.

Орындаған репертуарлары

  • «Аида» — Дж. Верди
  • «Трубадур» — Дж. Верди
  • «Аттила» — Дж. Верди
  • «Бал-маскарад» — Дж. Верди
  • «Турандот» — Дж. Пуччини
  • «Тоска» — Дж. Пуччини
  • «Паяцы» — Р. Леонкавалло
  • «Пиковая дама» — П. Чайковский
  • «Біржан – Сара» — М. Төлебаев
  • «Абай» — А. Жұбанов, Л. Хамиди
  • «Ер Тарғын» — Е. Брусиловский
  • «Көроғлы» — У. Гаджибеков

Білімі

1996 жылы М. Төлебаев атындағы музыкалық колледжді тәмамдаған

1998 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына «Сольдік ән айту» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2003 жылы бітірген (доцент Р. А. Смаилованың класы)

2003–2005 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы аспирантурада оқыған 

Марапаттары

Мемлекеттік марапаттары

2012 — «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы

2014 — ҚР Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығы

2015 — мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия

2016 — «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы

 

Жетістіктері

2002 — К. Байсейітова атындағы вокалшылар байқауының дипломанты

2003 — Е. Хасанғалиев байқауының I орын лауреаты

2005 — Г. Жұбанова байқауының I орын лауреаты

2007 — Б. Төлегенова байқауының III орын лауреаты

2010 — «XXI ғасыр өнері» халықаралық байқауының Гран-при иегері

2013 — Н. Тілендиев байқауының Гран-при иегері