Жүрсін Молдашұлы Ерманов
Ақын, журналист, айтыс өнерінің ұйымдастырушысы
Өмірбаяны
1971–1978 жж. Жезқазған облыстық телерадиокомитетінде аға редактор
1978–1980 жж. Жезқазған облыстық телерадиокомитетінде бас редактор
1980 жылға дейін Жезді аудандық «Октябрь туы» газетінде әдеби қызметкер
1982–1992 жж. Қазақ республикалық теледидарында бас редактор
1992–1996 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі; «Қазақ мемлекеті» газетінде бас редактордың бірінші орынбасары; «Қазақстан қанаты – Крылья Казахстана» газетінде бас редактор
1997–2003 жж. Шығармашылық қызметпен айналысты
2003–2006 жж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің гуманитарлық ғылыми-зерттеу орталығында жетекші ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі
2006 жылдан бастап «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы АҚ басқарма төрағасының орынбасары – Қазақ радиосының бас директоры
Шығармашылығы мен жетістіктері
1983 жыл Алғашқы өлеңдер жинағы – «Жанартау» жарық көрді
1986 жыл «Арайлы күн, армысың» жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағының М. Мақатаев атындағы сыйлығына ие болды
1989 жыл «Ұлытауға бардың ба?..» кітабы шықты
2005 жыл «Құдіретке жүгіну» кітабы жарық көрді; «Қазіргі айтыстар» (2 томдық) жинағын құрастырды
2007 жыл «Екі тізгін, бір шылбыр» кітабы жарық көрді
Білімі
ҚазМУ-дың журналистика факультетін (1976), Алматы жоғары партия мектебін (1982) бітірген