Әлкей Марғұлан

Әлкей Хақанұлы Марғұлан — көрнекті ғалым, археолог, шығыстанушы, этнограф және әдебиеттанушы. Қазақстанда археология ғылымының негізін қалап, Бегазы-Дәндібай мәдениетін ашты. Ш. Уәлихановтың шығармаларын зерттеп, қазақ халқының рухани мұрасын жаңғыртуға зор үлес қосты.