Агенттik туралы

Тарихы

1920 жылы 13 тамызда РОСТА-ның Орынбор-Торғай бөлімшесі болып тұңғыш қазақ ақпарат агенттігі құрылды.

1925 жылы – агенттік атауы ҚазРОСТ деп өзгертілді.

1937 жылы – Агенттік ҚазТАГ атауымен Қазақ КСР Министрлер Кеңесіне берілді.

1992 жылы — ҚазТАГ Министрлер Кеңесі жанындағы ақпарат агенттігінен Қазақ мемлекеттік ақпарат агенттігі болып қайта құрылды.

1997 жылы 10 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақ мемлекеттік ақпарат агенттігі (ҚазТАГ) туралы» № 3629 Жарлығымен ҚазТАГ жойылды. 30 қазанда Үкіметтің қаулысымен «Қазақ ақпарат агенттігі» республикалық қазыналық кәсіпорны құрылды, кейін «Қазақ ақпарат агенттігі» (ҚазААГ) болып өзгертілді.

2002 жылы 8 қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1186 қаулысына сәйкес ҚазААГ базасында «Қазақ ақпарат агенттігі» Ұлттық компаниясы» - «Қазақпарат» ҰК» АҚ құрылды.

2004 жылы – агенттіктің қазақ тіліндегі параллель атауы «ҚазАқпарат» (KazAkparat) қолданыла бастады.

2008 жылы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі № 668 қаулысына сәйкес «Қазақ ақпарат агенттігі» Ұлттық компаниясы» АҚ «Арна Медиа» Ұлттық ақпарат холдингі» АҚ құрамына кірді.

2010 жылы – ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 5 мамырдағы № 378 қаулысымен «Арна Медиа» Ұлттық ақпарат холдингі» АҚ таратылды, ал холдингке кіретін компаниялар, оның ішінде «ҚазАқпарат» ҚР Байланыс және ақпарат министрлігіне берілді.

2012 жылы – Қазақстан байланыс және ақпарат министрлігі таратылып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 887 қаулысымен «Қазақ ақпарат агенттігі» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамына қосу жолымен қайта құрылды.

2013 жылы – агенттік «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ретінде қайта құрылды.

2019 жылы – «Мемлекеттік мүліктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 631 қаулысымен «ҚазАқпарат» халықаралық агенттігі» ЖШС құрамына «Қазконтент» АҚ қосылып, «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.

2022 жылы – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» АҚ «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамына қосылу арқылы қайта құрылды.

2023 жылы – «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамының атауы «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны» болып қайта құрылды, «Қазақпарат» - «Казинформ» халықаралық ақпарат агенттігі» оның құрамына кіреді.

Агенттікті әр жылдарда басқарған басшылар:

ҚазТАГ

Аркадий Иванович Вятич-Кириллов (1937-1938, репрессияға ұшырап, 1938 жылы ату жазасына кесілді)

Константин Нефёдов (1939-1940)

Жүсіп Алтайбайұлы Алтайбаев (1953-1958)

Кеңесбай Үсебайұлы Үсебаев (1959-1960)

Қасым Шәріпұлы Шәріпов, (1961-1974)

Кәкімжан Қазыбайұлы Қазыбаев (1977-1982)

Жұмағали Исмағұлов (1982-1987)

Амангелді Ахметалимұлы Ахметалимов (1987-1997)

КИА/ҚазААГ

Мұрат Майханұлы Аренов (1997-2002)

Казинформ/ҚазАқпарат

Ғаділбек Минажұлы Шалахметов (2003-2004)

Жанай Сейтжанұлы Омаров (2004-2006)

Дәурен Кеңесұлы Дияров (2007-2016)

Әсел Дулатқызы Төлегенова (2016-2017)

Асқар Қуанышұлы Омаров (2017-2021)

Елдос Бигелдіұлы Нашірәлі (2021-2022)

«ҚР Президенті Телерадиокешені» КеАҚ

Бас директоры Қажыбаева Раушан Жаңабергенқызы

(2022 жылдың 1 сәуірінен)

«ҚР Президенті Телерадиокешені» ШЖҚ РМК

Бас директоры Қажыбаева Раушан Жаңабергенқызы

(2023 жылдың 1 қыркүйегінен)

Соңғы жаңалықтар