16 мамыр Қазақстанда күн жаңбырлы болады

ауа райы
Фото: Pixabay

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет мамандары 16 мамыр, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

Қазақстан аумағының басым бөлігіне оңтүстік циклоны және соған байланысқан атмосфералық фронттар әсер етеді.

Осылайша найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста, шығыста қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл соғады.

Тек елімідің солтүстігінде жауын-шашын жоқ, күн ашық.

Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік-батыс пен орталықта тұман түседі.

Жетісу облысының Алакөл ауданында кей уақытта жел екпіні 30 м/с асады. 

Түнде Павлодар облыстарының солтүстігінде, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2-3 градус үсік жүреді.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Абай, Ақтөбе, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, Қызылорда облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында, Жетісу облысының шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Түркістан облысының шөлді аудандарында, Абай облысының Үржар ауданында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Соңғы жаңалықтар