24 сәуір күні елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

маңызды шаралар
Фото: ҚазАқпарат

АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 24 сәуір күні елімізде өтетін мәдени және қоғамдық маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де Қазмедиа орталығында «Медиацияны қолданудың халықаралық тәжірибесі. Қазақстан – Болгария» халықаралық форумы өтеді.

11.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысы өтеді.

14.00-де ҚР Ұлттық музейінде «Қазақ даласындағы Оғыз тарихи мұрасы» атты фотокөрменің тұсаукесері өтеді.

15.00-де Астана қалалық сотында «Сот төрелігін мемлекеттік тілде жүзеге асыру мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

15.45-те Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Сыртқы істер, достастық және халықаралық даму министрі Дэвид Кэмеронның Қазақстан Республикасына ресми сапары өтеді.

19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында «Тіл табысқандар» комедиясы қойылады.

Соңғы жаңалықтар