26 қаңтар күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

маңызды іс-шаралар
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 26 қаңтар күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

11.00-де «Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз орталығында «KEGOC» АҚ 2023 жылғы қызметінің қорытындысы туралы баспасөз брифингін өткізеді. 

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚР Көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

14.00-де Жеңіл атлетикадан Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes халықаралық турнирін өткізуге арналған баспасөз мәслихаты болады.

15.00-де Астана коммуникациялар қызметінде «Қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай және Астанада қызылшамен сырқаттануды төмендету бойынша профилактикалық іс-шаралар» атты баспасөз мәслихаты өтеді.

16:30-де ІІ корпоративтік қайырымдылық форумы басталады.

Соңғы жаңалықтар