4 мамыр. Тұлғалар туған күн

туған күн
Фото: Kazinform

Бүгін, 4 мамыр күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

59 жыл бұрын (1965) Абай облысының әкімі Нұрлан Телманұлы ҰРАНХАЕВ дүниеге келді.

 УРАНХАЕВ Нурлан Тельманович
Фото: Абай облысының әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында туған. 1987 жылы В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын («инженер-механик» мамандығы), 2001 жылы Қазақ қаржы-экономикалық институтын («экономист-менеджер» мамандығы), 2006 жылы – Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін («инженер-құрылысшы» мамандығы) бітірген.

Еңбек жолын 1987 жылы Семей қаласының «Казпромтехмонтаж» тресінде шебер, прораб болып бастаған. 1995-1997 жылдары Семей қаласының «Сары-Арқа» АҚ сенім білдірілген басқарушысы, 2001-2003 жылдары «Казиркутсклес» ЖТАҚ Бас директоры (РФ, Иркутск облысы), 2003-2005 жылдары Шығыс Қазақстан облысының энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және көлік басқармасының бастығы, 2005-2006 жылдары Шығыс Қазақстан облысы күрделі құрылыс басқармасының бастығы, 2006-2007 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметінде болды. 2007 жылы ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары, 2008 жылы ҚРПрезиденті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, 2009-2010 жылдары «Ертіс» ӘКК басқарма төрағасының орынбасары, 2010-2013 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, 2013-2014 жылдары Семей қаласы гуманитарлық инновациялық заң университеті президентінің кеңесшісі, 2014 жылы ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған. 2015-2017 жылдары Ұлттық экономика министрлігінің «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Бас директоры, 2017-2018 жылдары Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы, 2019-2022 жылдары Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы лауазымын атқарған.

2022 жылдың желтоқсан айында Абай облысының әкімі болып тағайындалды.

«Құрмет» (2011), «Парасат» (2016) ордендерімен марапатталған.

54 жыл бұрын (1970) скрипкашы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Нью-Йорктегі джаз қауымдастығының мүшесі Жәмила СЕРКЕБАЕВА дүниеге келді.

СЕРКЕБАЕВА Жамиля
Фото: weproject.media

К.Байсейітова атындағы Республикалық колледжді, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын тәмамдады.

АҚШ, Франция, Испания, Бельгия, Венгрия, Румыния, Монако, Сингапур, ТМД елдерінде гастрольдік сапармен болған.

Қазір Алматы қаласы әкімінің және ҚР Қорғаныс министрлігінің «Jazz Band» концерттік оркестрінің солисі.

48 жыл бұрын (1976) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әлия Мейірбекқызы МОЛДАБЕКОВА дүниеге келді.

 МОЛДАБЕКОВА Алия Мейрбековна
Фото: nationalbank.kz

Алматы қаласында туған. 1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін аяқтап, физика-математика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды.

Еңбек жолын 1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде ЭЕМ-ді математикалық жабдықтау және математикалық кибернетика кафедрасының ассистенті ретінде бастады. 2001-2003 жылдары ҚР Ұлттық банкінің монетарлық операциялар департаменті портфельдерді және қаржы нарықтарын талдау басқармасының жетекші талдаушысы, сондай ақ портфельдерді және қаржы нарықтарын талдау басқармасының бас талдаушысы ретінде жұмыс істеді. 2003-2012 жылдары ҚР Ұлттық банкінің монетарлық операциялар департаменті талдау және тәуекелдер басқармасының бас талдаушысы, дилинг операциялары басқармасының бас дилері, талдау және тәуекелдер басқармасының бастығы ретінде қызметін жалғастырды. 2012-2015 жылдары ҚР Ұлттық банкінің монетарлық операциялар департаменті (монетарлық операциялар және активтерді басқару департаменті) директорының орынбасары лауазымын атқарды. 2015 жылғы қазанда Монетарлық операциялар және активтерді басқару департаментінің директоры, ал 2016 жылғы ақпаннан бастап ҚР Ұлттық банкі құрылымының өзгеруіне байланысты ҚР Ұлттық банкі монетарлық операциялар департаментінің директоры болып тағайындалды.

Қазіргі қызметін 2019 жылғы 26 желтоқсаннан бастап атқарып келеді.

47 жыл бұрын (1977) ҚР Парламент Мәжілісі Аппараты басшысының орынбасары Индира Бейсембекқызы МАМАШЕВА дүниеге келді.

МАМАШЕВА Индира Бейсембековна
Фото: parlam.kz

Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолы: 1998 жылы «Интерлюкс» Қазақстан-Жапон кәсіпорнының менеджері, 1998-1999 жылдары ҚР Инвестициялар жөніндегі агенттігі «Қазинвест» РМК менеджері, 1999-2002 жылдары «ҚазИнвестКонсалт» ЖШС-ның аға менеджері, 2003-2009 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты Ақпараттық-талдау бөлімінің бас сарапшысы, бас консультанты қызметінде болды. 2009-2016 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты Ақпараттық-талдау бөлімінің меңгерушісі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Халықаралық бағдарламалар орталығының вице-президенті, 2017 жылы Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығы директорының орынбасары болды. 2017-2019 жылдары «Нұр Отан» партиясының ҚР Парламентінің Мәжілісіндегі фракциясы аппаратының басшысы, 2019-2022 жылдары Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарған.

Қазіргі қызметінде 2022 жылғы ақпаннан бастап.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған.

42 жыл бұрын (1982) Қостана қаласының прокуроры Ринат Әбілқасымұлы КӘРІМОВ дүниеге келді.

Қостанай облысының тумасы. Қостанай әлеуметтік академиясын құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2004 жылы Қарабалық ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастады. 2011-2012 жылдары Қостанай облысы прокуратурасы Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасы бастығының орынбасары, 2012-2015 жылдары Әулиекөл ауданы прокурорының орынбасары, 2017-2019 жылдары Қостанай облысы прокуратурасы Аппаратының басшысы, 2019-2022 жылдары Қостанай ауданының прокуроры лауазымын атқарған.

Қазіргі қызметін 2022 жылдың маусымынан бері атқарып келеді.

«Мінсіз қызметі үшін» ІІ, ІІІ дәрежелі медальдарімен, «ҚР прокуратурасына 20 жыл» медалімен, «Прокуратура үздігі» ІІ дәрежелі төсбелгімен марапатталған.

90 жыл бұрын (1934-1986) қазақ жазушысы, белгілі сатирик Оспанхан ӘУБӘКІРОВ дүниеге келді.

 АУБАКИРОВ Оспанхан
Фото: adebiportal.kz

Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үшбұлақ ауылында туған. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясының театр факультетін тәмамдаған.

Мамандығы актер болғанымен, өзінің шығармашылық мұратын сатирадан тапқан. Ол республикалық газеттерде, «Ара» журналында қызмет істеген. Сатиралық жанрмен бірге, балаларға арналған өлең-жыр, ертегі, пьеса, белгілі композиторлардың әндеріне мәтін жазумен, аудармамен де айналысқан. Әзиз Несиннің «Ахиреттен келген хаттары», Бранислав Нушичтің «Менің өмірбаяным», Лао Шэнің «Мысықтар қаласын», Э.Рапкенің «Мюнхаузеннің хикаяларын» қазақ оқырмандарына ұсынған.

1983 жылы балаларға арналған «Қағаз қалпақ» сатиралық жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығы берілді.

87 жыл бұрын (1937-2016) Қазақстаннның Еңбек Ері Геннадий Иванович ЗЕНЧЕНКО дүниеге келді.

ЗЕНЧЕНКО Геннадий Иванович
Фото: СҚО әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданында туған. Петропавл ауыл шаруашылығын механикаландыру техникумын бітірді. 1973 жылы Петропавл педагогикалық институтын сырттан оқып аяқтады.

1962-1973 жылдары «Ленин» кеңшарында электр слесары, мұнай базасының меңгерушісі, механизатор машина-трактор шеберханасының меңгерушісі, бас инженері, Совет аудандық «Қазсельхозтехника» бірлестігінің басқарушысы болды, 1973 жылы Совет аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары болып сайланды. 1976 жылдан – «Новоникольский» кеңшарының директоры. Шаруашылық екі рет қайта құрылып, 1992 жылы «Новоникольское» ауыл шаруашылығы қауымдастығы, 1997 жылы «Зенченко және компания» командиттік серіктестігіне айналды, осы шаруашылықта Г.И.Зенченко бас директоры болып қызмет еткен.

2008 жылы оған Қазақстанның Еңбек Ері атағы берілді, екі рет «Отан» орденімен, Еңбек Қызыл ту орденімен және көптеген медальдармен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар