«9-20-25» ипотекасы қашан іске қосылады

тұрғын үй, баспана
Фото: Midjourney

АСТАНА. KAZINFORM – «9-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламасы іске қосылатын күн белгілі болды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Қостанай облысына жұмыс сапары барысында айтты, деп жазды Крыша.кз.

«Біз жастарға арналған «9-20-25» бағдарламасын әзірледік. Оны 1 наурыздан бастап «Отбасы банкі» арқылы іске қосамыз», - деді Әлихан Смайылов жергілікті «Новая газета» басылымында жарияланған видеода.

Оның айтуынша, бағдарламаға биыл 150 млрд теңге бөлінеді.

«Осылайша, 8 мыңға жуық адам «9-20-25» ипотекасын рәсімдей алады», - деп түсіндірді Смайылов.

Ипотека шарттары келесідей болатыны бұрын жарияланған болатын:
— сыйақы мөлшерлемесі — жылдық 9%;
— бастапқы жарна — 20%;
— несие мерзімі — 25 жыл.

Бағдарламаға қатысушылардың өтінім берген кезде бес жыл бойы жеке баспанасы болмауы тиіс.

Соңғы жаңалықтар