Ақмолалық 60 бозбала Отан алдында әскери міндеттін орындауға аттанды

әскер
Фото: Аслан Оспанов/Kazinform

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM - Ақмола облысында Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні қарсаңында «Әскерге шақырылушылар күні» – ақмолалықтарды мерзімді әскери қызметке шығарып салу акциясы шарасы өтті.

сәкер
Фото: Аслан Оспанов/Kazinform

Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен қазақ, Халық Қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығын және Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы және Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуын мерекелеуге арналған шара Кеңес Одағының екі мәрте батыры, атақты қазақ ұшқышы, Қазақстан Республикасы авиациясының генерал-майоры Талғат Бегелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімімен басталды.

Салтанатты шарада Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Алин құттықтау сөз сөйлеп, әскерге шақырушыларға сәт-сапар тіледі, сондай-ақ, Отан қорғаушылар күнінің маңыздылығына тоқталды.

Ақмола облысы
Фото: Аслан Оспанов/Kazinform

«Отанға адал қызмет етіп, оның халқын қорғау әр ер азаматтың әскери борышы және міндетті болып саналады. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда жауынгерлік қабілетті армия құрылды. ҚР Қарулы Күштері заманауи техникамен жарақтандырылып, әскери кадрлардың сапасы артып келеді. Сонымен бірге, әскери қызметшілердің әлеуметтік мәселелері де біртіндеп шешілуде. Оқу-жаттығулар үнемі өткізіліп тұрады, оның барысында біздің әскер жоғары кәсіби даярлықты, іс-қимылдардың үйлесімділігін және тамаша жауынгерлік дағдыны көрсетуде. Әскеріміздің азаматтарымыздың тыныштығы мен егемен еліміздің шекарасын қорғайтынына сенімдіміз. Осының арқасында бізде бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге, балаларды тәрбиелеуге және тыныш жұмыс істеуге мүмкіндік бар. ҚР Қарулы Күштері қатарындағы қызмет әрбір қазақстандықтың құрметті міндеті, аға ұрпақтың батырлық жауынгерлік дәстүрлеріне негізделген патриотизм мектебі болды және болып қала береді», - Алмас Алин.

Ақмола облысы
Фото: Аслан Оспанов/Kazinform

Сонымен қатар, жиында Ақмола облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Талғат Тұрабай және «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлері» қоғамдық бірлестігі Ақмола облыстық филиалының төрағасы Жанат Ережепов әскерге шақырушыларды Отан алдында адал болуға, сондай-ақ, әскери қызметті абыроймен атқаруға тілектестіктерін білдірді.

Әскер қатарына шақырылып отырғандардың арасынан іріктеліп алынған 40 бозбала Астананың іргесіндегі Ақмол ауылында орналасқан ҚР Қарулы Күштері қатарында әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне жататын 44813 ә/б құрамында әскери қызмет өтейтін болады.

Ақмола облысы
Фото: Аслан Оспанов/Kazinform

«Іріктеу кезінде жастардың моральдық-психологиялық қасиеттеріне, денсаулық жағдайына басты назар аударылды. Барлық әскерге шақырылушылар Отан алдындағы әскери борыштың маңыздылығын түсініп, саналы түрде қызмет етуге барады. Біз Ақмола облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментіне әскерге шақырылушыларды уақтылы дайындағаны, сапалы іріктеуі үшін алғысымызды білдіреміз», - деді 44813 әскери бөлім командирінің орынбасары Болат Хәметов.

Ақмола облысы
Фото: Аслан Оспанов/Kazinform

Бұдан бөлек, әскерге шақырылушы 20 бозбала Ақтау қаласына әскери қызметін өтеу үшін аттанбақшы. Шара барысында Ақмола облысы әкімнің атынан әскер қатарына шақырылғандарға керек-жарақтар салынған әскери сөмке үлестірілді. Сонымен бірге, жас ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін бір топ әскери қызметшілер мен запастағы офицерлерді Ақмола облысы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Айта кетсек, бұдан бұрын Қошқарбаев пен Нұрмағамбетовтің мерейтойына арналған саптық ән байқауына 350-ге жуық адам қатысқанын жазған едік.

Ақмола облысы
Фото: Аслан Оспанов/Kazinform
Ақмола облысы
Фото: Аслан Оспанов/Kazinform

 

 

Соңғы жаңалықтар