Ақмоланың тағы бір ауданында төтенше жағдай жарияланды

тасқын су
Фото: Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM — Ақмола облысының Бұланды ауданында бүгін 12 сәуір сағат 18:00-ден бастап төтенше жағдай жарияланды.

Аудан әкімі Ардақ Смайылов су тасқынына байланысты жасаған үндеуінде өңірде төтенше жағдай жарияланғанын, сондай-ақ, табиғи апаттан келтірілген залалды жоюмен және азайтумен айналысатын комиссия құрылғанын атап өтті.

су тасқыны
Фото: Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы

«Бүгінгі таңда зардап шеккен адамдарға материалдық көмек көрсету үшін барлық үйлерді комиссия тексеріп, келген шығын көлемін есептейтін болады», — деді аудан әкімі Ардақ Смайылов.

В Буландынском районе Акмолинской области объявлен режим ЧС
Фото: Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы

Айтуынша, ауданда су тасқынын алдын алу үшін ауқымды жұмыс жүргізілген.

Қауіп төнген ауылдар азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.

Зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша жедел іс-шараларды өткізуге жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ өңір ТЖД күш-құралдары тартылды.

В Буландынском районе Акмолинской области объявлен режим ЧС
Фото: Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы

Су басқан үйлердегі барлық тұрғындар эвакуацияланды.

Айта кетсек, 10 сәуір күні Бурабай ауданындағы Қаражар бөгеті жарылып, Купчановка, Вознесенка, Капитоновка және Журавлевка ауылдарын су басып қалды.

Еске салайық, бұдан бұрын Көкшетау қаласы мен Атбасар ауданында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланғанын жазған едік.

Кейін Жарқайың және Есіл аудандарында да жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланды. 

В Буландынском районе Акмолинской области объявлен режим ЧС
Фото: Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы

 

Соңғы жаңалықтар