АҚШ-та күшті дауыл соғып, адамдар құрбан болды

торнадо дауыл
Фото: Рexels

АСТАНА. KAZINFORM — Дауыл Америка Құрама Штаттарының орталық батысындағы бірнеше штатты шарпыды. Огайо полициясы екі адамның өлімін растады. Басқа зардап шеккендер мен құрбан болғандар туралы мәліметтер тексеріліп жатыр, деп жазады Euronews.

АҚШ-тың Огайо штатында торнадодан кем дегенде екі адам қаза тапты.

Логан округінің шериф кеңсесі құрбандардың мәйіті Дейтонның солтүстігіндегі трейлер паркінен табылғанын хабарлады.

Индиана штатында полиция жергілікті БАҚ-қа алғашында дауылмен қоса жауған бұршақ салдарынан жылжымалы үйдің үш тұрғыны қаза тапқанын айтты. Кейін брифинг барысында шенеуніктер құрбан болғандардың айтарлықтай көп екенін мәлімдеп, үйінді астында қалуы мүмкін адамдарды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

Кентуккиде жеңіл жарақат алғандар тіркелді. 

Әзірге қираған үйлердің ауқымы анықталып жатыр, жедел жәрдем бригадалары жергілікті жерде жұмыс істеп жатыр.

Ұлттық ауа райы қызметінің (NWS) мәліметінше, жұма күні түнде Техастан Огайоға дейінгі 13 миллионнан астам АҚШ тұрғыны торнадо қаупі бар аймақта қалған.

Соңғы жаңалықтар