АҚШ-тағы чемпионат шеруінде болған атыстан 1 адам қаза тауып, 21 адам жарақат алды

АҚШ-тағы чемпионат шеруіндегі атыстан 1 адам қаза тауып, 21 адам жарақат алды
Фото: euronews.com

АСТАНА. KAZINFORM – Канзастағы «Канзас-Сити Чифс»» Супербоул жеңімпаздарының чемпиондық шеруінде бір адам қаза тауып, тағы 21 адам жараланған. Атыс салдарынан үш адам қамауға алынды, деп хабарлайды Еuronews. 

Хабарланғандай, бірнеше адамның жағдайы ауыр. Жарақат алғандар арасында тоғыз бала бар, бірақ дәрігерлер олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ деп сендірді. Жергілікті радиостанция көз жұмған әйел олардың диджейі Лайза Лопес екенін жазды. Үш күдікті қамауға алынды. Полиция қылмыстың себебін анықтауға кіріскенін мәлімдеді.

Оқиға шерудің ең соңында, команда мыңдаған жанкүйерлердің алдында әлі сахнада болған кезде болды. Іс-шараға бірнеше жүз полиция қызметкері, өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметкерлері де қатысып, зардап шеккендерге дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті.

«Бүгінгі шеру аяқталғаннан кейін Юнион-Стейшн маңында болған мағынасыз зорлық-зомбылық әрекеті бізді қатты қынжылтады», - делінген «Чифс» басшыларының мәлімдемесінде.

Команданың жұлдызды «тайт-энды» және Тейлор Свифттің жігіті Трэвис Келст Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында бұл оқиғаға «жүрегі ауырғанын» жазды.

Соңғы жаңалықтар