Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

доллар
Коллаж: Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 444-449 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 444,1-445,9 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Астанада доллар бағамы 444 - 449 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 26 сәуірдегі ресми бағамы — 1 долларға 444,22 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,82 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,73 - 4,83 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,72 - 4,82 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, 25 сәуір кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,49 теңгеге қымбаттап, 444,26 теңге болған.

Соңғы жаңалықтар