Алматыда 2,3 млн ағашқа зиянкестерге қарсы биологиялық өңдеу жасалады

Деревья начали обрабатывать от вредителей в Алматы
Фото: gov.kz

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда ағаштардың қалыпты жағдайын сақтау және зиянкестерге төзімділігін арттыру мақсатында 29 сәуірден бастап қаланың жасыл желегін биологиялық өңдеу жұмыстары басталды. Тиімділігін арттыру мен әсерін нығайту үшін өңдеу жұмыстары жауын-шашын жоқ кезде және түнгі уақытта жүргізіледі.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, зиянкестерге өңдеуден кейінгі әсерді күшейту үшін бірінші кезеңде (вегетация басында) емендер төрт рет, теректер екі реттен өңделеді.

«Жұмыс барысында адамдарға құстар мен жануарларға зиянсыз, климаттық ерекшеліктерді ескере отырып ҚР аумағында қолдануға рұқсат етілген сертификатталған қауіптілігі төмен классқа жататын (П-4) биологиялық және кейбір кездерде химиялық препараттар қолданылады. Жапырақ кеміргіш және зең ауруларын қоздырғыш зиянкестерге қарсы өңдеу жұмыстарымен 2,3 млн астам ағашты қамту жоспарланған. Зиянкестер мен аурулардың биологиялық ерекшеліктеріне қарай өңдеу жұмыстары түнде және таңғы уақытта жүзеге асырылады», - деп хабарлады әкімдікте.

Биыл биологиялық өңдеу жұмыстары әдеттегідей төрт кезеңмен жүргізіледі: 29 сәуірден 30 мамырға дейін; 10 маусымнан 10 шілдеге дейін; 20 шілдеден 20 тамызға дейін және 30 тамыздан 30 қыркүйекке дейін.

Өңдеу кестесіне ауа райына байланысты өзгерістер енгізілуі мүмін.

Соңғы жаңалықтар