Алматыда бірнеше коммерциялық нысан бұзылды

Алматы
Фото: Алматы әкімдігі / Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Сот шешімі бойынша қоғамдық тамақтану орындары мен дүкен бұзылды. Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Түркебаев көшесі, 88 үйде орналасқан ғимаратты жоспардан тыс тексеру кезінде басқарма қосалқы нысанның рұқсатсыз салынғанын анықтады. 

Меншік иесіне қатысты жол берген бұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, ҚР ӘҚБтК 316-бабы 1-бабы, 321-бабы, 323-бабы бойынша шара қабылданды.

«2023 жылдың 18 мамырында Алматы қалалық мамандандырылған экономикалық сотына бұзу туралы талап қойылды, оны сот қанағаттандырды. Кейін меншік иесі апелляциялық шағым берді, алайда бірінші сатыдағы соттың шешімі Алматы қалалық сотының 2023 жылғы 17 қазандағы қаулысымен өзгерісіз қалды», - деп хабарлады басқармадан.

Бүгін нысан сот орындаушыларының қатысуымен бұзылды.

Бұған дейін Алматы әкімі Ерболат Досаев заңсыз құрылысты бақылауды күшейтуді тапсырған болатын.

Жалпы, қала бойынша жыл басынан бері 28 заңсыз нысан, оның ішінде бизнес-орталықтар, мейрамханалар, қосалқы нысандар мен автосервистер, сондай-ақ «Мечта» және KHAN сияқты ірі тұрғын үй кешендері бұзылды. 

Соңғы жаңалықтар