Алматыда бүгін ауа райы қандай болады

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды: 5 мамырға арналған ауа райы болжамы
Фото: Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласында 5 сәуір күні шамамен сағат 18:00-ден бастап 6 сәуір таңға дейін жаңбыр жауады деп болжанып отыр.

Алматы әкімдігі таратқан мәліметке сәйкес, жауын-шашын кезінде су тасқынының алдын алу және жою үшін 52 жедел мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылады. 

«1,9 мың қап құм дайындалды. Жауын-шашын кезінде барлығы 318 бірлік арнайы техника мен 1200 жұмысшы жұмылдырылады.Қазіргі уақытта 320 жұмысшы мен 92 бірлік арнайы техниканың күшімен арық желілерін, арық өткелдерін және кездейсоқ қоқысқа арналған жерлерді тазарту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде»,- деп хабарлады әкімдіктен.

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, 5 мамырда кешке және түнде нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады, күн күркіреген кездегі желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз ауа температурасы +26...+28°C.

6 мамыр күні аздап бұлт болып жаңбыр жауады, түнде нөсер жаңбыр күтіледі. Найзағай, бұршақ болуы мүмкін. 

Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 3-8 м/с, найзағай кезінде 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 12...+14°C, күндіз + 18...+20°C.

Соңғы жаңалықтар