Алматыда киберспорттан ALMA CUP 2024 турнирі өтті

Киберспорт
Фото: olympic.kz

АЛМАТЫ. KAZINFORM – ALMA CUP 2024 турнирі әлемдегі ең танымал ойындардың бірі – Counter-Strike: Global Offensive ойыны бойынша ұйымдастырылды.

«ALMA CUP 2024» жобасы аясында ЖОО мен колледждер арасында киберспорттан турнир Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен өтті. Айта кетейік, «ALMA CUP» – шағын футбол, баскетбол, волейбол және киберспорт сияқты командалық ойындарды қамтитын ауқымды спорттық турнир.

Киберспорт бойынша өткен турнирдің жүлде қоры 4 800 000 теңгені құрады. Жарысқа Алматының жоғарғы оқу орындарынан 16 команда қатысты. 

Турнир нәтижесі бойынша Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының командасы 3 орынға ие болды. Екінші орынға Қазақстан-Британ техникалық университетінің командасы жайғасса, үздік нәтиже көрсеткен Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенттері алтын жүлде жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар