Алматыда Отан қорғаушы күніне арналған концерт өтті

Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Республика сарайында ардагерлерге, Отан қорғаушыларға, сондай-ақ әскери жоғары және орта оқу орындарының курсанттарына арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шараға Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қатысты.

Концертте қазақстандық эстрада жұлдыздары Мәдина Сәдуақасова, «Алашұлы» тобы, Сая Махамбет және тағы басқа әншілер Отан, ел мен жер туралы ән салды.

Сонымен қатар, мерекелік кеште 38-ші десанттық-шабуылдау бригадасының әскери ансамблі өнер көрсетіп, патриоттық әндер айтып, би биледі.

Мереке армия генералы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналды. Олардың құрметіне IL Canto квартеті «Сағадат» және «Мықты адамдар...» әнін орындады. 

Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Концерттік бағдарлама эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен әскери ансамбль солистері шырқаған «Менің Отаным» әнімен аяқталды.

Отан қорғаушы күніне орай, Алматының барлық мектебінде «Ерлік сабақтары», сынып сағаттары, мәнерлеп оқу сайыстары өтті.

Айта кетейік, 7 мамырда Алматының аудандарында мерекелік іс-шаралар өтеді. 

Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Бостандық ауданында сағат 09:00-де «Ел ертеңі - бүгінгі жастар» атты салтанатты іс-шара өтіп, әскери қызметшілер марапатталады, қонақтар үшін саптық марш ұйымдастырылады.

Жетісу ауданында сағат 11:00-де «Белгісіз сарбаздың қабірі» ескерткішіне гүл шоқтары қойылады. 

Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Алатау ауданында сағат 11:00-де әкімдік ғимаратының алдында «Ер есімі – ел есінде» ескерткішіне гүл шоқтары қойылады.

Соңғы жаңалықтар