Алматылықтар Әлия мен Мәншүкке тиесілі сирек заттарды тамашалады

көрме
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Орталық мемлекеттік мұражай Жеңіс күніне орай «Қазақтың батыр қыздары» атты көшпелі көрме өткізді. 

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері мен ұстаздарына Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және Хиуаз Доспанованың фотосуреттері, хаттары, жеке құжаттары мен жеке дүниелері секілді музей қорындағы құнды жәдігерлер ұсынылды. 

көрме
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Көрме қонақтары сирек кездесетін заттарды — Мәншүк Мәметованың көйлегін, студент кезінде киген медициналық халатын және басқа заттарды тамашалай алды. 

көрме
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қ.Сәтбаев атындағы Алматы гимназиясында өткен «Жеңіс рухына тағзым» көрмесінде ІІ дүниежүзілік соғыс батырлары — Халық Қаһарманы Рахымжан Қошқарбаев, Сағадат Нұрмағамбетов және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың фотосуреттері, бағалы құжаттары және басқа да жеке заттары ұсынылды.

көрме
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Шара барысында қонақтарға батырлардың өмірі мен ерлігі туралы баяндалды. 

Атап айтқанда, оқушылар Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтың әскери киімімен, Рахымжан Қошқарбаевтың наградаларымен және мұрағат құжаттарымен танысты. 

көрме
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

 

Соңғы жаңалықтар