«Астана-Қостанай» тальго пойызы енді Ақтөбеге дейін барады

пойыз
Фото: Көлік министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM – Аталған бағыттағы пойыз билеті сатылымға шығарылды. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлайды. 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ халық сұранысының артуына байланысты және техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып, биыл 10 маусымнан бастап №81/82 «Астана-Қостанай» бағытындағы тальго пойызының маршрутын Ақтөбе қаласына дейін кеңейту туралы шешім қабылдады», - делінген хабарламада.

Аталған пойыз (№81/82) Астана, Атбасар, Есіл, Құсмұрын, Тобыл, Қостанай, Хромтау, Әйтеке би, Никельтау, және Ақтөбе стансасын басып өтеді. Жедел пойыз Астанадан жұп күндері, ал Ақтөбеден тақ күндері жолға шығады.

«Астана-Қостанай-Ақтөбе» бағытындағы пойызға билеттер сатылымға шығарылды, оны сайты арқылы немесе вокзалдарындағы кассадан сатып алуға болады. Пойыз кестесін «1433» нөміріне хабарласып, тегін анықтау мүмкіндігі бар.

Соңғы жаңалықтар